«Айтылмаған сыр»
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №10 Қараөзек ауылдық кітапханасы кітап қорына жаңадан келіп түскен Жадыра Шамұратованың алғашқы прозалық туындысы «Айтылмаған сыр» кітабы бойынша кітап беташарын өткізді. Кітаптың авторы және шығарма туралы қысқаша мәлімет айтылып оқырманға таныстырылды. Семейдегі ядролық сынақтың зардабы туралы жазылған «Айтылмаған сыр», дәрігер жігіттің жан сыры туралы жазылған «Бейуақта ашылған құпия» әңгімесі, «Қара қазан», «Сағыныш» әңгімелерін оқырмандар мазмұнды етіп жеткізді. .Жазушы адамдар бойындағы парасаттылық пен адамгершілікке қасиеттерді көркем тілмен бейнелеп, шиеленісті өрбітіп отырады. Шара барысында №39 «Қызылөзек» орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Г.Сұлтанова және кітапханашы Г.Сыздықова жас оқырмандарды кітап оқуға шақырды.







