» » Жүсіпбек Аймауытов - Алаштың айбынды тұлғасы

Жүсіпбек Аймауытов - Алаштың айбынды тұлғасы

   Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана Қызылорда жоғары көпсалалы колледжімен бірлесіп қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, қазақ әдебиетінің және педагогикасы мен психологиясының негізін салушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына орай «Жүсіпбек Аймауытов - Алаштың айбынды тұлғасы» атты әдеби-танымдық кеш ұйымдастырды. Шара барысында колледж студенттері Ж. Аймауытовтың әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін суреттейтін «Ақбілек», «Қартқожа», «Күнікейдің жазығы», «Әнші», «Елес» және т.б. сүбелі шығармаларынан алған әсерлерімен ой бөлісіп, қаламгердің «Жаз келді», «Тұңғиық түнгі аспанда», «Қыс», «Оқу-білім», «Жазушыларға», «Жазғы шілде» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Халқым деп соққан жүрегі» атты слайд көрсетіліп, кітапхана қызметкерлері кең көлемді кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. 
   Шараның мақсаты – жазушының қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, баспасөзіне, оқу-ағарту саласына сіңірген зор еңбектерін, рухани құндылықтарын насихаттау, мол шығармашылық мұрасын таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын, таным көкжиектерін арттыру. 
01 ақпан 2024 ж. 211

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам