Адал ұрпақ -мәңгілік елдің кепілі

   Жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Абылайхан атындағы №140 орта мектептің 9-сынып оқушылары қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа орай  «Адал ұрпақ -мәңгілік елдің кепілі» атты ақпараттық дайджест өтті. Шараның негізгі   мақсаты - жемқорлықсыз қоғам  құру, жастарымыздың ой-санасын пара беру, сыбайластық арқылы мақсат-мұратқа  жету секілді жат қылықтан арылту. Өз біліміне, өзінің  жігер күшіне сенген  қайратты да қайсар жастарымызды  жемқорлықсыз  жаңа қоғам қалыптастыруға тәрбиелеу. Кітапханаға оқырман тарту. Шара барысында арнайы ұйымдастырылған «Адал ұрпақ -мәңгілік елдің кепілі» атты кітап көрмесі таныстырылып, сынып жетекшісі Айтхожаева Айжан Абдукаповна шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлық - ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп – қатерлерінің бірі болып табылатынын және де жемқорлық - мемлекеттің, қоғамның  дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет екеніне   ерекше тоқталып өтті. Көрмені таныстыру барысында «Мемлекет және құқық негіздері», Артықбаевтың «Жеті жарғы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдар топтамасы оқырмандардың сұранысына ерекше ие болды. Шараға 24 оқырман қатысты.
02 ақпан 2024 ж. 146

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам