Біз бақытты баламыз!
№20 кітапхананың ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және мектеп оқушыларының жазғы демалыстарын тиімді өткізуге ықпал жасау мақсатында «Біз бақытты баламыз!» атты мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында кітапхананың жас оқырмандары Г. Кеңесбай, М. Кеңесбай, А. Амангелді, А. Алдан, А. Бакрамбек, Қ. Бақытжан және т.б. Отан, бейбітшілік, ата-ана, ұстаз жайлы әндер шырқап, мәнерлеп өлең оқыды. Мың бұрала би билеп, шара көркін ашты. Бір сәт ойы жүйрік оқырмандар мақал-мәтелдердің жалғасын айтып, жасырылған жұмбақтардың шешімін тапты. Мерекелік шара қызықты да мазмұнды өтіп көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.








