Тектілік жайлы не білеміз?
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тектілік жайлы не білеміз?» атты таным сағаты өткізілді. Тектілік –адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Тектілік әдептіліктен басталады. Шара барысында жастарға тектілік-адамның ерекше қымбат қасиеттерінің, парасаттылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан ұрпаққа рухани сабақтастықпен берілуі екені түсіндірілді. Сонымен бірге түзу тәрбие мен тәртіп сақталса ұрпағымыздың текті болатыны жайлы айтылды. Мақсаты: қазақтың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін насихаттау, саналы ұрпақ тәрбиелеу.







