Табиғаттың тамаша көріністері.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №14 кітапхана жас ұрпақты табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны сүюге баулу, жер бетіндегі тіршілік әлеміне деген жауапкершілігін арттырту мақсатында №189 орта мектептің 5 сынып оқушылары мен кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысуымен «Табиғаттың тамаша көріністері» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Жас оқырмандар жылдың төрт мезігілін, тамаша табиғат сәттерін және балалар ертегілерінен көріністер бейнеленген суреттер салып, көрмеге ұсынды.







