Мұқағали-мәңгілік ғұмыр
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №1кітапхананың ұйымдастыруымен №68 мемлекеттік мекемесінің шаруашылық қызметіне қондырылған сотталған азаматтар арасында «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты жыр кеші өткізілді. Шара барысында ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихатталып, «Қазақтың мұзбұлақ ақыны -Мұқағали» атты кітап көрмесі бойынша шығармалары таныстырылды. Шектеулі азаматтар өз еріктері бойынша ақынның лирикаға толы жыр жолдарын жатқа оқыды.
Кештің мақсаты: М.Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру.
Кештің мақсаты: М.Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру.







