Өлеңім - барым, өңірім

   Қалалық  орталықтандырылған  кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар  кітапханасы   мен Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйі  бірлесіп   ақиық   ақын   Мұқағали Мақатаевтың  туған күніне орай «Өлеңім - барым, өңірім» атты поэзия кешін жас оқырмандармен  қатысуымен   өткізді. 
   Шара барысында ақынның  өмірі мен шығармашылығына арналған «Мұқағали Мақатаев қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты 10 минуттық бейнебаян  лед  экраннанкөрсетіліп,  Сержан   Шұғыла «Үш бақытым», Лепес Еңлік «Аққулар ұйықтағанда», Лепес Шахназ «Қазақстаным», Ерболат Інжу «Өмір жайлы», Наурыз Асылхан «Біреуге», Салимжан Жанайым «Отан», Садуақас Айша «Ей, өмір», «Ғашықпын», Сапиева  Асылай «Әке», Икмат Аружан «Бақыт деген»  ақынның  бірнеше   өлеңдерін  жатқа  айтты. 
    «Асыл мұра» дәстүрлі  әншілер  ансамблінің  «Гүлдерайым» және «Тобылғысай»  әсем   әндерін орындап,  көрермен  көзайымына айналды. Үйірме жетекшісі, дәстүрлі әнші Айнұр Айжігітқызы  М. Мақатаевтың  қызы Шолпанға арнаған  «Шолпаным»  әнін  шырқады. 
Кешке мәдениет саласының ардагерлері, жергілікті жазушылар, тілші-журналистер қатысты.   Қазақстан Журанлистер Одағының мүшесі, бірнеше кітаптардың авторы, айтыскер ақын Өзденбаева   Қазына  Мералықызы М. Мақатаевтың «Адамдар» әнін домбырамен шырқап, көрермендердің  ықыласына   бөленді. М.Ықсанов  атындағы политехникалық колледжінің «Қазақ тілі мен  әдебиеті» пәнінің  оқытушысы Жақыпова  Гүлмира  Көпбосынқызы   қатысып,   оқырмандарға  ақын   М. Мақатаевтың «Менің  ғасырым»  өлеңін    оқып  берді. 
«Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты  кітап  көрмесі жасалып, оқырмандарға таныстырылды. Қалалық оқушылар үйінің деректоры Гауhар Құдайбергенова поэзия кешіне қатысқан қонақтарға, көрермендерге,  жас оқырмандарға рахметін айтып, өзінің көкейінде   жүрген ақын  М. Мақатаевтың  өлеңдерінен   айтып  шараны қортындылап,  естелік   суретке  түсті.  
09 ақпан 2024 ж. 130

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам