Мұқағали-мәңгілік жыр

   Белкөл кентінің клубы мен №14 кітапхананың ұйымдастыруымен ақын, заманның заңғар тұлғасы  М.Мақатаевтың   туған күніне орай «Мұқағали-мәңгілік жыр» атты поэзия кешін өткізді. Шара барысында М.Мақатаевтың өмір жолы бейнебаян арқылы   оқушыларға таныстырылды. Ақын шығармаларынан Жарылқасын Мұхтар «Ғашықпын», Ысқақ Гульфайруз    «Өмір жайлы»,   Жасұлан ұлы Рамазан   «Ұлыма», Махмұт Інжу «Ұлыма», Көмекбаев Айзере  «Халқыма хат», Кушербаева Гүлжамал  «Өмірімді несіне жек көремін»,  Бекболат Бегарыс «Тау бір аңыз»  атты өлеңдерін жатқа айтып көпшілік ықыласына бөленді. Клуб қызметкері Е.Үркинбаев ақынның «Есіңе мені алғайсың»  әнін құйқылжыта шырқады. Шара соңында клуб директоры С.Алшоразов поэзия кешіне ат салысқан өнерпаз оқушыларды Алғыс хатпен марапаттады. №14 кітапхана меңгерушісі Г.Нұртаева кітап көрмесін жасақтап , оқушыларға Мұқағали шығармаларын таныстырды.
 
12 ақпан 2024 ж. 149

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам