» » Бейбіт замандағы ерлік-жастарға өнеге

Бейбіт замандағы ерлік-жастарға өнеге

   15-ақпан  Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғана  35 жыл. Осы орай да №19 кітапханада «Бейбіт замандағы ерлік-жастарға өнеге» -атты ауған ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Шараның мақсаты: Оқырмандарға Ауған соғысы туралы мағлұмат беру, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында қаза болған боздақтар рухына тағзым ету, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Шараға облыстық ауған соғысы ардагерлерімен мүгедектер қоғамдық бірлестік төреағасының орынбасары Босанов Қуаныш Қанжарбекұлы, Қорқыт ата университетінің  тарих кафедрасының меңгерушісі Өткелбаев Қыдырбай Захманұлы,  №253 мектеп мұғалімі Отаров  Еркін Жарылқапұлы қатысып.  қанды жылдардың қиыншылығы мен  қазақ жауынгерлерінің ерліктері туралы айтты. №5 мектептің Айбын сарбаздары, №7 мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандары патриоттық  өлең жолдарын оқыды. «Ауған ақиқаты» атты бейнебаян  көрсетілді. «Шуағым» өнер орталығынан  «Нәзік» би тобы қазақ биі «Қамажайды» мың бұрала билесе,, Алау тобы «Ерке сылқым» күйін, Абдінағиева Жансауле «Алқиса» күйін орындады, Бәйтерек мектебінің оқушысы  Мамырбек Диас «Мен қазақпын» әнін шырқады.
13 ақпан 2024 ж. 129

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам