Отқа оранған жауынгер
Қалалық № 20 кітапхана 15- ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай «Отқа оранған жауынгер» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші №2 Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілді. Кешке Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесі төрағасының орынбасары Жәкебаев Талғат Назарбекұлы бастаған ардагер ағаларымыз Ермаханов Болат Нұралиұлы, Бекпанов Алтынбек Жамалұлы қатысты.
Шара Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан батыр да батыл жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталып, бейнебаян көрсетілді. Жас оқырмандар Ауған соғысына арналған өлеңдерін оқып, ардагер ағаларымыздың құрметіне патриоттық әндер айтылды. Ардагер ағаларымыз оқушыларымыздың сұрақтарына жауап бере отырып Ауған соғысының тарихымен және елден барған жас сарбаздарымыздың жан қиярлық ерлігі мен Отан алдындағы қасиетті борышын адал атқарғандығы жайлы бастан өткен ауыр да жауапты кезеңді еске алып әңгімелеп берді. Сонымен қатар кітапхана қорындағы Бақытбек Смағұлдың «Тағдыр тозағы» және «Тағзым» кітабы оқырмандарға таныстырылып кітап туралы мәліметтер берілді.
Шараның мақсаты - Отан алдындағы қасиетті борышы мен парызын ерлікпен, батылдықпен атқарған және Ауған соғысында қаза тапқан ержүрек әрі батыл қаһарман жауынгер ағаларымыздың ерліктерін өскелең ұрпаққа үлгі ету.