Еңбегімен ер атанған Балдырған
Еңбек адамын дәріптеу кісілігіміздің белгісі ғана емес, ұрпаққа өнеге тұтар асыл қасиеттеріміздің белгісі. Елдің бағына туып, ер азаматқа бергісіз еңбек етіп, кеудесіне ең жоғарғы награда Қызыл жұлдызды таққан Балдырған Мұстафаеваның биыл 85 жылдық мерейтойы. Осы орайда №5 Абай ауылдық кітапханада «Еңбегімен ер атанған Балдырған» атты өнеге сағаты өткізілді. Мақсаты: Артында өшпестей із қалдырған алып тұлғалы Ер-Балдырғанның өмірі мен елге еткен өнегелі еңбегін жас ұрпаққа насихаттау.
Шара барысында еңбек ерінің өнегелі өмір жолы мен ерен жолы кеңінен таныстырылып, замандастар естеліктері айтылды. Жас оқырмандар ақындардың Б.Мұстафаеваға арнау өлеңдерін оқыды.
Шара барысында еңбек ерінің өнегелі өмір жолы мен ерен жолы кеңінен таныстырылып, замандастар естеліктері айтылды. Жас оқырмандар ақындардың Б.Мұстафаеваға арнау өлеңдерін оқыды.







