Таң шапағаты
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана кітапхана қорына 2023 жылы келіп түскен америкалық танымал спикерлер Хал Элрод пен Натали Янжидің Оноре Кордермен бірге студенттерге арнап жазған «Таң шапағаты» кітабы бойынша флешбук өткізді. Шараға «Өркениет» медициналық колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Шара барысында 2012 жылдан бері миллиондаған адамның таңы мен өмірінің өзгеруіне ықпал етіп келе жатқан, университет пен өмірде жетістікке жетудің көпке көрінбейтін құпиясы, өзін-өзі басқарудың принциптері мен жетістікке жетелейтін машықтары жайлы жазылып, әлемнің 21 тіліне аударылған, жастардың үлкен сұранысына ие, мол тиражбен шығып дүниежүзілік бестселлерге айналған «Таң шапағаты» кітабының мазмұны кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар кітап авторлары жайлы мол мағлұматтар берілді. Шара соңында кітаппен танысқан оқырмандар Х. Нұрбекова, Г. Икмат, Ә. Мұратова, Е. Шамшиев және т.б. алған әсерлерімен ой бөлісіп, пікір алмасты.
Шараның мақсаты – жаңа әдебиеттерді насихаттау, жастардың өзін-өзін дамытуына танымал тұлғалардың іс-тәжірибелерін ұсыну, білімді де білікті азаматтар болып, өмірлік сабақтарға жаңаша көзқараспен қарауға тәрбиелеу.