Отқа оранған он жыл

   Жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына -35 жыл толуына орай «Отқа оранған он жыл» атты патриоттық кеш өткізілді.  Кездесуге «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлібек Жаров және Бекпан Алтынбек Жамалұлы, Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық – атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері, Н.А.Ахмадиева атындағы №112 орта мектептің 9 сынып және Абылайхан атындағы  №140 орта мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты. Кездесуде  Ауған соғысы туралы слайд көрсетіліп, «Ауған қасіреті» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды. Қаза тапқандарды еске алып бір минут үнсіздік жарияланды. Кітапхананың белсенді оқырмандары «Ана мұңы» атты көрініс көрсетіп, көрермен жүректерін бір тебірентті. Сонымен бірге Ауған соғысы жайлы өлеңдер оқылып  ән орындалды,оқырмандар  ардагерлерге өз сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Кеш соңын кітапхананың аға кітапханашысы Қ.М.Сражадинова қорытындылап, өз сөзінде қонақтарды мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық тіледі. Ел үшін етігімен қан кешкен жауынгерлер қашанда құрметке лайық. Жырақта жүріп бейбітшілікті аңсаған соғыс ардагерлерінің ерлігі жас ұрпақ үшін үлгі-өнеге.
14 ақпан 2024 ж. 167

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам