Махамбет жырлары-асқақ рухтың үні

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты  №17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында «Адал Адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының бірі Әлем-BOOK бұрышында елім деп еңіреген қазақтың қайсар ақыны, тәуелсіздік жолындағы батыл күрескері  М.Өтемісұлының өмірі мен  шығармаларын насихаттау мақсатында «Махамбет жырлары-асқақ рухтың үні» атты әдеби оқу өткізілді. Махамбет - дауылпаз ақын, өлеңдері көтеріліс, күрес, тартыс үстінде туды. Оның өлеңдері сол көтерілістің ақындық үні болды. Ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшелігін айқындаған да солар. Махамбет- халқын сүйген, халық мұңын жырлаған патриот ақын. Оның өлеңдері - шаруалар көтерілісінің айнасы. №144 мектептің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Жұлдызай Бакирова ақынның өмірі мен шығармаларына тоқталса, кітапхана оқырмандары ақынның «Ұлы арман», «Ерлердің ісі бітер ме?», «Толарсақтан саз кешіп», «Мұнар күн», «Қызғыш құс», т. б. өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Орталықтың қызметкері Айбек Есқараев М. Өтемісұлының «Мен, мен едім, мен едім» термесін орындады. Сонымен қатар оқырмандарға тақырыпқа сай ұйымдастырылған «Ерлік пен елдіктің өшпес рухы» атты кітап көрмесі  таныстырылды. 
21 ақпан 2024 ж. 198

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам