Ана тілі-мәңгі құламайтын бәйтерек
Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №1 кітапхана ұйымдастыруымен Халықаралық ана тілі күніне орай «Ана тілі-мәңгі құламайтын бәйтерек» атты интеллектуальды ойын ұйымдастырылды. Шараға Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп лицейінің 5-сынып оқушылары қазақ қатысып, шараны қазақ ақындарының тіл туралы жырларын мәнерлеп оқудан бастады. Интеллектуальды ойын сайыста жас оқырмандар мақал-мәтел айтысып, көнерген ескі сөздердің мағынасын ашты. Сайыскерлер қазақ тілінің ережелер мен тұжырымдарын жетік білетіндіктерін көрсете отырып, белсенділік танытты. Шара соңында «Ана тілің – арың бұл» атты кітап көрмесімен кеңінен танысты. Шара мақсаты: оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой — өрісін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, қазақ тілінен білімдерін тексеру, сынау; тілдерін дамыту; қазақ тілін үйренуге баулу, қызықтыру.







