Әлемді кітап арқылы танимын
«Адал адам» мәдени-тәрбие беру орталығының тұжырымдамасы «Әлем-BOOK» бағыты аясында «Әлемді кітап арқылы танимын» атты хабарлама сағаты қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №5 кітапханада өткізілді. Шарада кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттерге кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне қойылған Р.Ниязбектің «Көсем» атты тарихи романы, Қ.Саки «Сұлтан Бейбарыс», Б.Қойшыбай «Комиссар Жүргенов» Қ.Жолдыбайұлының «Кемел адам», М.Есләмғалиұлының «Әйтеке би» т.б. әдебиеттері оқырмандарға насихатталды. Мақсаты: білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын айта отырып, жас жеткіншектерді кітапқа деген қызығушылығын арттыру.







