Балалар әдебиетінің бәйтерегі
«Адал Адам» мәдени-тәрбие орталығының «Әлем ВООК» жобасы
Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №1 кітапханада «Бір ел-бір кітап» акциясы аясындағы биылғы жыл таңдауындағы көрнекті жазушы Б.Соқпақбаев әңгімелерін насихаттау мақсатында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Шараға №11 мектеп-лецейінің 8-сынып оқушылары қатыстырылды. Әдеби кеш барысында «Бегімай» өнер орталығының «Көркем оқу» үйірмесі жетекшісі Ә.Тұрсын және мүшелері жазушының «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» атты оқырмандар арасында кең тараған повесін талқылап, шығармада шынайы бейнеленген ауыл өмірін, кейіпкерлердің мінез-құлқын, арман-мақсатын кеңінен әңгімеледі. Әдебиетіміздегі үлкен тұлғалардың бірі Бердібек Сақпақбаевтің қаламгерлік келбеті жас ұрпаққа тағылымды болатыны сөзсіз. оның балалақ шағы ауыр жағдайда өтті. Жоқшылық, жетімдік сияқты ауыр жайттарды басынан өткерді. Оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған «Менің атым қожа» атты әйгілі шығармасы туралы айтылды. Шара соңында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты көрмеге шолу жасалып таныстырылды.







