«Өнерім, өмірімнің өрнегісің"

№15 кітапхананың және Талсуат ауылдық клубының бірлесе ұйымдастыруымен "Сыр сұлуы" ән-би ансамблінің әншісі, бишісі "Пара би" спорттық би өнерінің үйретушісі Күлпаш Күншығарованың  шығармашылығына арналған «Өнерім, өмірімнің өрнегісің" атты музыкалық кездесі кеші өтті. Күлпаш апайдың өнерге деген құлшынысы, ерік-жігері тағдырдың сынағына төтеп берді. Сахнаға қайта оралуына ерекше жандарға арналған Оңалту орталығының мәдени бөлімі үлкен септігін тигізді. Күлпаш Күшшағырованың шәкірттері қазіргі таңда "Арбада отырып билеу"өнерінің республикалық чемпионаттарында топ жарып жүр.  Әнші өнер кешінде құйқылжыта бірнеше ән орындап тыңдармандарын өнеріне тәнті етті.  Шәкіртттері  пара би спорттық биін биледі. Шара барысында "Шаттық" Сыр сұлуы би ансамблі қазақ биін,  Ғалия Ахметова "Анамның ақ жаулығы", Күлпаш Күншығарованы   өнерге баулыған ұстазы Сексенбаева Зинат, апайдың бірге оқыған сыныптастары қатысып, игі тілектерін білдірді.
25 ақпан 2024 ж. 102

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам