Тәуелсіздік тұмары – Текей батыр

    Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жжүйесіне қарасты №3 кітапхана мен М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің бірлесуімен «Тәуелсіздік тұмары – Текей батыр»  атты тарихи-танымдық кеш өткізілді.
    Шараның мақсаты: Мың өліп, мың тірілген халқымыздың тарихи жады ел Тәуелсіздігі жолындағы күресте ерекше ерліктерімен дараланған хандар мен батырларды ешқашан санамыздан өшірген емес. Ұлтымыздың мемлекет болып қалыптасуы жолында ел тізгінін ұстаған хандар мен ел қорғаған батырлардың есімдері бүгінгі ұрпақ алдында ұлықталып, насихатталуда. 
   Осыған орай, Сыр елінің даңқты батыры Текей батыр Қарпықұлын еске алу мақсатында тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды.
Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасының және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Ахметбек Бақытжан Мұқарамұлы және «Текей батыр Қарпықұлы» атындағы жоғарғы колледж және «М.Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі студенттері мен ұстаздары, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектептің оқушылары мен ұстаздары қатыстып,  батыр баба жайлы мәліметтер айтылды. 
«Текті тұлға – Текей батыр» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылып  әдебиеттерге, мерзіді басылымдарға  шолу жасалды.
27 ақпан 2024 ж. 121

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам