Балалар әдебиетінің классигі

   2024 жылдың 27 ақпанында № 16 кітапхананың ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында  көрнекті жазушы Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай «Балалар әдебиетінің  классигі»  атты әдеби кеш өткізілді.
   Шараға аймақтық мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты. Кеш  барысында балалар жазушысы Б. Соқпақбаевқа арнау өлең оқылып, «Менің атым Қожа» шығармасынан үзінді қойылым көрсетілді. «Балалық шаққа саяхат» туындысынан монологтар  оқылды. Шара  қонақтары - № 136, № 9 мектептердің қазақ тілі және әдебиет пәнінің ұстаздары Ертаева Ж., Ғани Г.  жазушының шығармашылығына тоқталып, жас оқырмандарды жыл кітабын оқуға шақырды. Кітапхана оқырмандары жазушының таңдаулы туындылары туралы айтты.  Сонымен қатар «Жыл кітабымен танысайық!» атты кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды. 
Шараның мақсаты: Оқырмандарға жазушы Б. Соқпақбаевтың өмір жолдары мен шығармашылығымен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
27 ақпан 2024 ж. 134

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам