Киелі өнер иелері

     «Киелі өнер иелері»  атты кітап көрмесі
  Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай Қарауылтөбе ауылдық №7 кітапхананың  ұйымдастыруымен  “Киелі өнер иелері” атты кітап көрмесінің жанында сұхбат  ұйымдастырылды.   
     Көрмеге ел мәдениетінің қалыптасуына қызмет жасаған танымал тұлғалар қазақтан шыққан тұңғыш кинорежиссер мемлекет және қоғам қайраткері КСРО халық әртісі, тетр және кино актеры Ш.Айманов, КСРО халық әртісі С Майқанова,
 қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі- Ә.Қастеев, қазақ кескіндемешісі,,театр және кино суретшісі Қазақ КСР-нің ебек сіңірген өнер қайраткері-.Г.Ысмайлова жайлы  әдебиеттер мен мерзімді басылымдар қойылды. Көрме «Қазақ өнерінің тарихы»,  «Мәңгі өшпес өнер иелері», «Музыка халықтың рухани қазынасы», «Қылқалам ғажайыптары»» атты бөлімдерден ұйымдастырылды. Кітап көрмесіндегі  әдебиеттер  оқырмандарға кеңінен таныстырылып сұхбат жүргізілді
 
28 ақпан 2024 ж. 102

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам