Бақытты балалық шақ
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №12 кітапхана және Қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығы бірлесіп «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында қазақ және балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ» повесі бойынша әдеби сайыс ұйымдастырды.
Сайысқа «Бейіндік оқыту», «Көркем-шығармашылық», «Туристік-қолданбалы» және « ІТ» бөлімінің оқушылары қатысты.
Аса талантты, қабілетті, туған жерінің атын әлемге танытқан жазушы Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармаларын оқырмандарға кітапханашы Асқарова Назерке таныстырды. Сайыста «Актерлік шеберлік» үйірмесінің жетекшісі Аманбай Дүйсенұлы қазақ әдебиетін биік деңгейге көтерген Б. Соқпақбаевтың шығармаларын ерекше талантпен үйлесім тапқан деп атай отырып, жазушының балалық шағы жайында әңгімеледі. Жас оқырмандар жазушының шығармалары бойынша сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. Мұнан соң «Балалық шаққа саяхат» шығармасына талдау жасалып, шығарманың мазмұнын ашу мақсатында тапсырмалар орындалды. Шара соңында бірінші орынға «Көркем-шығармашылық», екінші орынға «Бейіндік оқыту», үшінші орынға «Туристік-қолданбалы» ынталандыру «ІТ» бөлімдері лайықты деп танылды. Жүлдегерлерге дипломмен және барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.







