Қиындықта қол созған халық
Қалалық № 20 кітапхананың ұйымдастыруымен 1-Наурыз «Алғыс айту күні» мерекесіне орай « Қиындықта қол созған халық» атты тарихи сағат №2 Абай атындағы үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектептің оқушылары қатысуымен өткізілді. Шарада Алғыс айту күнінің шығу тарихы мен оның маңыздылығына арналған бейнебаян көрсетілді.
Бұл күні бір шаңырақ астындағы тату-тәтті тірлігіміздің, ұлттық тұтастығымыздың берік негізін қалап жүрген барша қазақстандықтар бір-біріне ризашылығын білдіріп жатады. Кешелі қилы заманда қазақ халқы тағдырдың жазуымен елге келген өзге этнос өкілдеріне кең құшағын жайып, бауырына тартты, бір үзім нанымен бөлісті. Алғыс айту күні- сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ- бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Сонымен бірге балалар айтулы күнге арналған ақын жырларын жатқа оқып, мерекеге орай дайындалған «Жүректен, жүрекке» атты ойын арқылы өздерінің жақын адамдарына алғысын айтты.
Шараның мақсаты: өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен отанға сүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту.







