Алғысым шексіз!

    1 наурыз Алғыс айту күніне орай   А.С.Пушкин атындағы  орталық  кітапхана Абылайхан атындағы жоғары колледж  ұжымымен бірлесе жалпыхалықтық мереке күніне арналған «Алғысым шексіз!» атты мерекелік  достық кешін өткізді. Мерекелік  кешке арнайы кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.
   Шара барысында, жастарымыз бүгінгі көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығы  жайлы жүрек жарды өлеңдерін  жатқа оқыды.. Арнайы пән оқытушысы Майра Мәтенқызы әсем әнін  жолдап  өздерінің  келелі ой-пікірлерін  жеткізе отырып алғыстарын  білдірді.  Сонымен қатар колледж кітапханашылары Айымкүл Омарқызы мен Нүргүл  Бұхарбайқызы  қазақ халқының сан қилы  тағдыры туралы, елімізді паналаған өзге ұлт өкілдеріне деген  ұлтымыздың қамқорлығы, шынайы достық сезімі туралы келелі әңгімелер қозғады. Қазіргі бақытты өмірімізге  ризашылығын білдіре отырып, еліміздің жарқын болашағына деген нық сеніммен шараны қорытындылап, барлық  шараға белсене қатысқан жастарға және қонақтарға алғысын білдірді.
 
01 наурыз 2024 ж. 104

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам