Еңбекпен өрілген өмір.

  № 16 қалалық кітапхана № 136 мектеп оқушыларының қатысуымен қазақтың қайсар қызы,  механизатор, Социалистік Еңбек ері – Жадыра Таспамбетованың 70 жылдығына орай «Еңбекпен өрілген өмір» атты өнеге сағатын  өткізді. Небәрі 18 жасында еңбек жолын бастаған Жадыра Таспамбетова бір аяғынан ауыр жарақат алса да, өзінің табандылығының арқасында Шиелі ауданының беделді механизаторы болды. Шара барысында оның еңбексүйгіштігі, үлкен маңдай тердің, қажымас қайраттың, өзіне таудай талап қоюдың арқасында ел алғысына бөленгені жайлы, тағдырға мойынсұнбаған қайсар мінезі, адамгершілік қасиеттері  туралы баяндалды.
 
05 наурыз 2024 ж. 116

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам