Ана-бақыт жанашыр
8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Абылайхан атындағы жоғары колледж студенттерінің қатысуымен, А.С.Пушкин атындағы кітапханада «Ана-бақыт жанашыр» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Көрмеге қоғам, ел өміріндегі әйелдердің орны, қуаныш-мұңы, нәзік сыршыл сезімдерге,ой-орамдарға толы әйел тағдыры, отының өшпеуін, шаңырағының құламауын тілейтін аналар туралы әңгімелер жинағы, өлең жырлары қойылды. Ж.Жанапиянованың «Ана», А.Бақтыгерееваның «Ана әлдиі» атты екі томдық өлеңдер жинағы,Н.Бердәлі «Ару -әлем»,Н.Неферованың «Ана күнделігі», Ж.Байжанованың «Ана дәптерінен»,И.Сапарбай «Әлем,Әйел және мен», «Қыз -өмірдің қызғалдағы» атты кітаптар оқырманның ерекше сұранысына ие болыды. Шара соңында кітапхана меңгерушісіАйымкүл Омарқызыкітапхана ұжымына дүниенің шуағын, мың ғаламның жақсылығын, ару қыздарға ізгілігі мол қазақтың ару қыздары болуларыңа шын жүректенізгі-құрметін білдірді.
Мақсаты : Кітап қорындағы әдебиеттер арқылы тіршілікті жалғастырушы Ананы сыйлау,қазіргі қоғамдағы әйел – ананың ролін айқындайтын әдебиеттерді насихаттау, қыз балаларға рухани тәрбие беру, халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын ұғындыру.







