Адамзаттың асылы - Ана

    №13 балалар кітапханасының  ұйымдастыруымен,  8 наурыз – Халықаралық аналар күні  орай  «Күнекей»  бөбекжай – балабақшасының «Балауса»  Ересек  тобының  бүлдіршіндерімен      «Адамзаттың асылы  - Ана»  атты әдеби  монтаж  өткізілді.  
    Әлемнің  жарығын  сыйлаған  аналардың мерекесі  көктем  ханшайымының келуімен ашылып,   балабақша бүлдіршіндері «Аяулы Анашым»  әнін  хор мен айтып,    ұл – қыздарымыз «Көңілді би»  биіне  бар ықыласымен  билеп өз өнерлерін  көрсетті.
  «Балауса» тобындағы  ұл  балалар  «Қыздар - ай»  әнін  жанды дауыспен  орындап,  флешмобқа  және папуриге  билесе, ал  топтағы қыздар  «Ақ  әжем»  әнін  өз нақышына келтіріп  айтып,  «Барби» биіне мың  бұрала билеп  көрермендердің  ықыласына   бөленді.
 Бүлдіршіндер  мен  аналар  арасында орамалмен  көздерін  байлау  арқылы,  әр  ана   өз баласын   сипап   ана   жүрегімен   сезіп  баласын  таба  алама   ойыны   ұйымдастырылды.
   Балабақша   бүлдіршіндері  ұл - балалар  өз аналарымен  «Ақ  жаулық» биіне билеп,  хормен  барлығы «Анашым» әнін  орындады.  
Шара  соңында өз  өнерлерін  көрсеткен  бүлдіршіндерге   сыйлықтар  таратылып, мерекелік   шараға  көрермен  болып қатысып  отырған,  үлкен  қарт  апалар сөз беріліп,   кележатқан  мерекемен  баралығын  құттықтап   шараны   қортындылады.
06 наурыз 2024 ж. 119

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам