Қыздарға әсемдік жарасады.
Ақжарма ауылдық №9 кітапхананың ұйымдастыруымен « Қыздарға әсемдік жарасады » атты қыз сыны байқауы өтті. Ауылдық мектептің 5 - 6 сынып оқушылары арасында өткен бұл байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартымдылығымен, қызыққа толы көріністерімен ерекшеленді. Бірнеше бөлім бойынша – таныстырылым, ән айту, би билеу, интеллектуалдық сұрақтар,шаш өру , қолөнер жұмыстары секілді сан түрлі өнерлері ортаға салынып, көрермендердің қызығушылығын тудырды.









