«Менің атым Қожа» шығармасы
№10 кітапханада «Адал адам» мәдени тәрбие беру орталығының тұжырымдамасы бойынша «Әлем-ВООК» бағыты, «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Қазақ және балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтің «Менің атым Қожа» шығармасы бойынша жас оқырмандар арасында оқырмандар конференциясы өтті. Шара барысында №39 «Қызылөзек» орта мектебінің мұғалімдері Ә.Хасанова, А.Есетова шығарма бойынша оқушыларға қысқаша айтып өтсе, кішкентай оқырмандар Бақытбекқызы Еркеназ, Сымат Ильяс, Икмат Тореғали шығармадағы Қожа, Жанар және Сұлтан туралы өз ойларын айтып өтті. «Ұлттық әдебиетіміздің классигі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып кітаптары мен мерзімді басылым беттеріне шолу жасалды.







