«Поэзия жауһарлары» атты кітап көрмесі
Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №1 кітапхана ұйымдастыруымен «Адал адам»мәдени тәрбие беру орталығының тұжырымдамасы бойынша «Әлем ВООК»бағыты аясында Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, қазақтың белгілі ақын қыздарына арналған «Поэзия жауһарлары»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қазақтың ақын қыздары Ф.Оңғарсынова, М.Айтхожа, К. АхметоваА.Бақтыгереева сонымен қатар жергілікті ақын қыздарымыз Қ.Өзденбаева, М.Айтбай, М.Аяпова, Ғ.Әбілда шығармашылық кітаптары кеңінен таныстырылды.
Көрмеге тұрақты оқырмандар арасында ұсынылған кітаптар оқырмандар назарын тартумен қатар,танымдық қызметін белсендіріп,кітапқа деген қызығушылығын арттырды.







