Аналарға тілейміз біз зор бақыт.
8 наурыз мереке қарсанында № 233 мектептің 1 «а» сынап оқушыларының қатысуымен №2 балалар кітапханасында «Аналарға тілейміз біз зор бақыт!» атты ертенгілік өтті. Шараны сынып жетекшісі Амангелдиева Гүлзира апай аналарды құттықтау сөзімен ашып берді. Балалар аналарға арналған өлендер оқып, мың бұралған қыздар би билеп, әндер шырқалып көрермендердің ризалығына бөленді. «Өнер» мектенбінің оқушысы Олжабаев Дәулет «Ерке сылқым», «Тепенкөк» атты күйлерді орындап берді.









