Моншақ - киімнің көркі

   Ұлыстың Ұлы күні наурыз мейрамы қарсаңында, жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана жанынан құрылған «Сырласу» қыз-келіншектер үйірме  мүшелері және Абылайхан атындағы жоғары колледж студенттерінің  қатысуымен «Моншақ - киімнің көркі» атты шеберлік сағаты өтті.Шара барысында үйірме  мүшелері ұлтымыздың салт-дәстүрін, тәлім-тәрбиесін насихаттау аясында, қыз-келіншектеріміздің күнделікті өмірде тағып жүретін заманауи ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдардың моншақ, бисер,түрлі-түсті тастармен безендірілген тақиялардың жасалу технологиясы туралы айтып, бұйымдардың дайындалу әдістері мен ерекшеліктеріне тоқталды. Киім дайындау технологиясы шеберханасының технологы Жапан Индира Қалдыбекқызы, заманауи сән үлгісіне сәйкес бұйымды безендіру қолөнершілер мен дизайнерлердің қолынан шыққан, өте күрделі еңбек екенін атап өтті.Шеберлік сағат қатысушыларға керемет әсер және көтеріңкі күй сыйлады.
 
12 наурыз 2024 ж. 135

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам