Белсенді оқырмандар жанұясы
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада рухани ойлау дәрежесі биік, білікті де білімді азаматтар тәрбиелеу мақсатында «Белсенді оқырмандар жанұясы» атты оқырман бенефисі Жөкеновтер отбасының қатысуымен өтті. Анасы- Туманова Нышанкүл Алмасқызыжәне қызы Абылайхан атындағы №140 орта мектептің 7сынып оқушысы Сәкен Жанерке Сәкенқызы өздері оқыған кітаптары мен кітап оқудың тәрбиелік мәні туралы айтты. Абайдың қара сөздерінен бастап, қазақ ақындары М.Мақатаевтың, Ә.Тәжібаевтың, Ф.Оңғарсынованың өлеңдерінен үзінді оқып,көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.Нышанкүл Алмасқызы бос уақытында айналысатын сүйікті ісі кітап оқумен бірге, тоқыма тоқып дәмді ас әзірлеуді, ал Жанерке сурет салуды ұнататынын айтып өтті. Шара соңында бенефис қонағы кітапхана ұжымы мен оқырмандарына өз ризашылықтарын айтып, жылы лебізін білдірді. Аға кітапханашы Қарлығаш Махамбетжанқызы қонақтарға ұжымның атынан сый-құрмет көрсетіп, жас ұрпаққа өмірлік ұстанымына жол ашатын, мәдени мұрамызды дәріптейтін, руxани сарқылмас қазынамыз – кітапты оқып, рухани бай болуға шақырды.







