Ұлы даланың ұлы ғалымы.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №6 кітапхана тұңғыш академик атағын алған қазақ ғалымы, Қазақ ССР Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай «Ұлы даланың ұлы ғалымы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Қаныш Имантайұлының жерлесі, инженер-геолог Сағатова Зәуре Әбсұлтанқызы және И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледж оқытушылары мен «Геологиялық суретке түсіру, пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлау» бөлімінің білім алушылары қатысты.







