Сатира оның сырласы

   №18 кітапханада сықақшы-ақын Толымбек Әлімбекұлының 70 жасқа толуына орай «Сатира оның сырласы» атты танымдық кеш   №43, №197 мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілді.          
   Толымбек Әлімбекұлы 18.03.1954 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Шақпақ ата ауылында дүниеге келген. Қазақ Ұлттық Әл-Фараби атындағы Университеттің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын Жамбыл ауданының «Шұғыла-Радуга» газетінде бастаған Т.Әлімбекұлы Республикалық «Ара-Шмель» сатиралық журналына бөлім редакторы болып келеді. 
Сатира жанрын жанына серік еткен сықақшы – ақынның сықақ әңгіме, өлеңдері «Күлеміз бе, қайтеміз?», «Кімге күлкі, кімге түрпі», «Тамаша» жинақтарында жарық көрді. «Тамаша» сатиралық театрының репертуарларына арнап сценариилер жазды. «Қазақстан» теле арнасындағы «Әзіл кештер ауылы», «Хабар» телеарнасындағы «Әзілің жарасса» бағдарламасының авторы. 
   Танымдық кеште оқырмандарға сатира және сықақшы- ақын Т.Әлімбекұлының шығармашылығынан мағлұмат беріліп, кешке қатысушы балалар сықақшы Т.Әлімбекұлының ащы сатира, жеңіл әзіл, қуақы күлкі бар тіл, ұлттық тақырыптарды қамтыған әзіл-сықақ өлеңдерін жатқа оқып, оқырмандарды тәнті етті.Танымдық кеш жас оқырмандарға жақсы көңіл күй сыйлап, балаларға сатира жанры туралы білуге атсалысты.  Мақсаты: балалардың білім көкжиегін кеңейтіп, жасөспірімдерді өмірге дайындау, жеке тұлға болып қалыптасуына атсалысу.
14 наурыз 2024 ж. 182

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам