Дәстүрге жол ұлт ұлағаты.

    Қалалық   орталықтандырылған  кітапханалар жүйесіне  қарасты № 13 балалар кітапханасы  мен  № 257 орта   мектеппен  бірлесеіп    22   наурыз – Ұлыстың  ұлы  күні   мерекесіне   орай   «Дәстүрге   жол  ұлт   ұлағаты»    атты мерекелік  кеш өткізді. Мерекелік  шараға ән -   әуез  пәнінің   мұғалімі Молдабек  Айда,   бастауыш  сынып  мұғалімдері   Шуменова  Жанар, Үркімбаева  Таня, Көшербаева  Айнаш , Абибуллаева  Шарбану   қатысты.  Мерекелік шараны  ән   үйірмесінің  өнерпаздары   «Құтты   болсын әз  наурыз» әнін  хормен   бастап, өнерлі   оқушылар Шакирова Айбұрым, Ғани   Жұлдыз, Абдирасул  Ақзере, Байниязов  Нұрислам, Таукен  Ақжүніс,   Батырхан  Амина, Есетова  Жібек, Оразбай  Арайлым,   Өмірбек  Санжар, Әбілғазы Қасым, Бақытжан  Сезім,  Дарханқызы Гүлфизат  ақындардың  наурыз    мерекесіне  арналған жыр  шумақтарын   жатқа   айтты,  2 «Г» сынып   оқушылары «Аспаптар  әнін»  хормен   айтса, Ғани Жұлдыз   «Наурыз» әнін   орындады.  Балаларға  көптеген   сұрақтар қойылып,   өздерінің   жеті   атасын жатқа  айтып, наурыз  көже тралы түсініктерін,   ырым    мен  тиым  сөздерін    жатқа   айтты. Оқушылар  өзінің   жатқа білетін  жақсы  бата -   тілектерін  айтып,   шараны   қортындылады. «Наурыз – шаттық  мереке»  атты   кітап  көрмесі ұйымдастырылды.
19 наурыз 2024 ж. 114

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам