Балаға мейірім сыйла!
№17 Қызылжарма ауылдық кітапханасында 15 наурыз-Қайырымдылық күніне орай «Балаға мейірім сыйла!» атты қайырымдылық акциясы өтті.
Қайырымдылық-халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы жақсылық жасау мақсатында Қызылжарма ауылының тұрғыны Айдарбек Аружанға балалар кітабы мен тәтті сыйлықтар берілді.







