Ұлы даланың ұлы ғалымы
№6 кітапхана тұңғыш академик атағын алған қазақ ғалымы, Қазақ ССР Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай «Ұлы даланың ұлы ғалымы» атты дөңгелек үстел өткізді. Шараға Қаныш Имантайұлының жерлесі, инженер-геолог Сағатова Зәуре Әбсұлтанқызы және И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледж оқытушылары мен «Геологиялық суретке түсіру, пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлау» бөлімінің білім алушылары қатысты. Шара барысында инженер-геолог З. Ә. Сағатова біртуар ғалымның жарқын бейнесін, ұлағатты ғұмырын, ерлікке толы өлшеусіз еңбектерін саралай келе, дарынды тұлғаның сондай баға жетпес еңбегінің бірі бұл күнде Санкт-Петербург қаласындағы Эрмитажда сақталып тұрған Ұлытау маңындағы «Алтын шоқы» шыңынан тапқан Ақсақ Темірдің 1391 жылы Дешті Қыпшақ жеріне жасаған жорығына арнап қойылған көне ескерткіш тасы жайлы деректерді айтып, жерден жүздеген шақырым қашықтықта космос төрінде ұшып жүрген «Қ. Сәтбаев» атындағы планетаның, «Академик Сәтбаев» гладиолиус гүлінің, Қаратаудағы ваннадий кен орнынан табылған «Сәтбаевит» минералы мен «Сәтбаев» мұздығының терең тарихына тоқталды.







