Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым
№4 кітапханда Қазақ халқының «Үш бәйтерегі» атанған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым» атты әдеби танымдық шара ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты : өткен ғасырдағы аумалы-төкпелі заманда ел үшін ерінбей еңбек етіп, артына мол рухани қазына қалдырған көрнекті тарихи тұлғаларды жас ұрпаққа насихаттау. Оқушыларға ақын, әнші, сазгер, саяси қайреткер Сәкен Сейфуллиннің әр жылдары жазған өлеңдері, поэмалары, зерттеу еңбектері, тұғыры биік «Тар жол, тайғақ кешу» сынды еңбектерін, қазақ халқына үлкен зұлмат әкелген ашаршылық тақырыбында көптеген шығармалар тудырған дара жазушы, қарымды қаламгер Бейімбет Майлиннің шығармалар жинағын, сондай-ақ ақтаңгер ақын Ілияс Жансүгіровтың отты жырлары мен тарихи-әдеби мазмұны өте бай поэмалар жинақтары жайлы ақпараттар берілді. Арнайы әзірленген кітап көрмесіне шолу жасалды.







