Сұлулық барша әлемнің жаршысы
«Сұлулық - барша әлемнің жаршысы» сұлулық әлемі туралы негізгі тақырыптар бойынша өз ойымызды толықтырып, әдемілік, сұлулық туралы мол түсіну, мақсатында Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №13 балалар кітапханасының ұйымдастырумен «Сұлулық барша әлемнің жаршысы» атты кітап көрмесі Тасбөгет кентінде орналасқан Ә.Тыныбаев атындағы № 11 мектеп – лицейінің кітапханасында 5 «Д» сынып оқушылардың қатысуымен өткізілді.
«Сұлулық барша әлемнің жаршысы» атты кітап көрмесіне «Қазақстан халықтарының ұлттық киімдері», «Күйеу келтір қыз ұзат», «Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл», , «Бабаңнан саған не қалған», «Дәстүріңді сақтай біл», «Қазақ халқының салт - дәстүрлері», «Қазақы неке», М. Ш. Өмірбекова «Қазақ ұлттық киімнің этномәдени лексикасы», С. Кенжеахметұлы «Жеті қазына», «Табиғат «Балалар Энциклопедия», Өсімдіктер «Балалар Энциклопедия», т.б. мерзімді басылым беттерінде жарық көрген материалдар қойылып, оқушыларға насихатталды.
Мақсаты: Оқушыларды сұлулық, көркімдік, әдемілік ұғымын сезіне, түсіне, көре білуге, эстетикалық – этикалық тәрбие беру.







