Кітаптардың сиқыр әлемі
№5 кітапханада «Кітаптардың сиқыр әлемі» атты таным сағаты өткізілді. Жас оқырмандар кітаптың шығу тарихымен, баспа ісімен кеңінен танысып, мағлұматтар алды. Сонымен қатар қазақ, шетел жазушыларының, әлем балалар әдебиетімен, ертегі, ауыз әдебиетімен қатар дыбысты электронды кітаптармен танысты.







