Сыбайлас жемқорлық және қоғам
Абай ауылына қарасты №5 кітапханада «Сыбайлас жемқорлық және қоғам» деген тақырыппен әдеби дайджест өткізілді. Шара «Жемқорлық пен күрес» және «Адалдық алаңы» болып екі бөлімнен тұрды. Шара барысында Қосшыңырау ауылдық әкімінің заңгері Абсадық Сайлау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңына қосымша тоқталды. Оқырмандар белсенділік танытып, сыбайлас жемқорлық туралы өз ойларын ортаға салып, арнайы ұйымдастырылған кітап кітап көрмесімен танысты.







