Түркі халықтарына ортақ жырау қобызшы – Қорқыт Ата
Түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшылығымен қоса аса дарынды Қорқыт Атаның өмірде ізі, артында әдеби-музыкалық мұрасы қалған тарихи тұлға екендігін насихаттау барысында «Түркі халықтарына ортақ жырау қобызшы – Қорқыт Ата» атты әдеби сағат кітапхана оқырмандарымен өткізілді.
Әдеби сағатта Қызылорда облыстық филармониясының өнерпазы, М.Ералиева мәдениет үйінің жанынан құрылған «Қоңыр саз» үйірмесінің жетекші маманы Жақсыбаева Әлия шәкірттері Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектептің 7 сынып оқушысы Шакиева Іңкәр, Ғалымжанқызы Айжан,4 сынып оқушысы Нұрболатқызы Балнұр Қорқыт Ата өлеңдерін жатқа оқып, қобызбен күйлер орындады.
Кітап сүйер қауым «Қорқыт Ата – қобыз үні»атты кітап көрмесімен таныстырылды.
Мақсаты:Абыз Қорқыттың, аңыз Қорқыттың өзі де, рухани бай мұрасы да қазақ халқының, әдебиеті мен мәдениетінің бастапқы қайнары, төл мұрасы екенін өскелең ұрпаққа таныта білу.







