Ата салтым – алтын қазына
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана «22 наурыз Ұлысытың ұлы күніне» орай, С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі студенттерінің қатысуымен «Ата салтым – алтын қазына» атты Бата беру сайысын ұйымдастырып өткізді. Осы орайда, ата салтын ардақтап, айтар сөзін салмақтап, тыңдағанын зерделеп жүрген жастарымыз «Атадан қалған асыл сөз», «Мақал- сөздің мәйегі » атты екі кезеңнен тұрған сайыста қатысушылар, алдын ала дайындап әкелген батасын мәнерлеп, көрнекіліктерімен, нақышына келтіріп айтып берді. Сайысты 23-03 тобының студенті Төлебаев Кемел Төле бидің Қаздауысты Қазыбек биге берген батасынан бастады. Келесі кезекте Бесікке салу -нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімін, 23-07 тобының студенттері Ақбисенова Лаура, Ардақ Ботагөз, Бегелиева Қымбат, Бодық Ақнұр шашуын шашып, сәбидің әжесі түбектің тесігінен балаларға тәттілерін үлестіріп, жол-жоралғысын көрсетті. Соңынан бесікке ақ батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілегін білдірді. Үшінші қатысушы 23-05 тобының студенті Абатова Ханшайым сәбидің бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр - Тұсаукесерді, жеті немеренің әжесі Данагүл әжеге ырымдап кестірді.Төртінші қатысушы 23-01 тобының студенті Әбдуғани Ислам, баланың тұсауын кесуге арналған батамен аяқтады. Екінші кезеңде қатысушылар, әділ қазылар берген бата туралы мақалдарың жалғасын тауып айтып берді.Сайысқа қатысқан барлық жастырымыз өздерін өте жоғары деңгейде көрсетті. Әділ қазылар алқасы Толғанай Дузубаевна, Мәншүк Көшербайқызы, Бақыт Сұлтанбекқызы сайыскерлерге рахмет айтып,кітапхана ұжымының атынан қатысушыларға сый-құрмет көрсетілді.
Мақсаты: Жастарымызды ізгілікке, адамгершілікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу. Халқымыздың салт–дәстүрлерін дәріптеуге, қастерлеуге үйрету;
Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.Шараға арнайы «Ата салтым – алтын қазына» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, шара соңында оқырмандарға насихатталды.







