Салт-дәстүрді біл
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №19 кітапханада 22-наурыз Наурыз мерекесіне орай «Салт-дәстүрді біл» атты әдеби қонақжай өткізіліп, №278 мектеп оқушылары мен оқытушылары, белсенді оқырмандар қатысты. Іс-шара шашу рәсімімен басталып, «тұсау кесер» рәсіміне жалғасты. Жас оқырмандар әдеби-музыкалық монтаж ұйымдастырып, шағын қойылымдарды ұсынды. «Анаға тағзым» орталығының қызметкері Айдана Маратқызы халқымыздың ежелден келе жатырған «Шашу», «Бастаңғы», «Бәсіре», «Енші», «Селт еткізер», «Базарлық» және басқа да дәстүрлерііміз жайында мағыналы әңгімелер айтты. Кітап көрмесі бойынша әдебиеттерге шолу жасалып, наурыз көже таратылды. Кеш ақсақалдардың ақ батасымен қорытындыланды.







