Рәміздерім – елдігімнің белгісі
№16 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен Қызмет көрсету және сервис колледжінде 4 маусым ҚР рәміздер күніне орай «Рәміздерім – елдігімнің белгісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін әдебиеттер «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері тәуелсіздік нышандары», Е. Шаймерденұлының «Шығармалары», «Қазақстан Республикасының Конституциясы» және мерзімді басылымдар кітап көрмесіне қойылып, оқырмандарға таныстырылды.








