Өнердің қара шаңырағы.
27 наурыз- Халықаралық театр күні. Бұл күні дүниежүзінің барлық театр қайраткерлері кәсіби мерекесін атап өтеді. Халықтар арасындағы өзара түсіністік пен татулықты нығайту, қазақ мәдениетін дамыту әрі сақтау, театр ұжымдарының жеткен жетістіктері мен тыныс-тірішлігін насихаттау мақсатында, жүйеге қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Өнердің қара шаңырағы» атты ақпараттық дайджест өтті. Шараға «Абылайхан » атындағы жоғары колледж студенттері мен кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында оқырмандар Қазақстанға еңбек сіңірген өнер қайраткерлерінің, театр өнерпаздарының өмірі мен шығармаларына туралы әдебиеттер мен өнер майталмандарының шығармаларына арналған естеліктермен, театрларда сахналанған қойылымдар, сонымен қатар 1925 жылы Қызылорда қаласында алғашқы қазақ театрының шымылдығы ашылғаны туралы көптеген қызықты ақпараттар алды.







