Қимас қазына.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты № 16 кітапхананың ұйымдастыруымен «Қызмет көрсету және сервис» колледжі студентерінің қатысуымен жергілікті жазушы, журналист Жақсылық Түменбайдың 80 жылдығына орай «Қимас қазына» повесі бойынша кітап талдауы өткізілді. Шара барысында қазақтың талантты жазушысы Ж. Түменбайдың өмір жолы мен шығармашылығына тоқтала келіп, қатысушылар «Қимас қазына» повесіндегі ата-ананы құрметтеу, олардың қасиет тұтқан дүниелерін қастерлеу, шығарманың негізгі кейіпкерлері жайлы, көненің көзіндей дүниеліктерге қызығушылар туралы талдау жасап, өз ой-пікірлерін білдірді. Мақсаты: Оқырмандарға Ж. Түменбайдың өмір жолы мен шығармаларын насихаттау, «Қимас қазына» повесін талдай отырып, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.







