Газет-халықтың көзі, құлағы Һәм тілі.
Ұлт көсемі Ахмет Байтұрсыновтың «Газет-халықтың көзі, құлағы Һәм тілі» деген сөздері дәл қазіргі таңда да өз маңызын жойған жоқ. Адамдар қанша жерден ғаламтор желісін пайдаланғанмен, бәрібір кітаптан, мерзімді басылымдардан қол үзбейді. Сыр өңірінің жаңалықтарын жариялаушы қоғамдық-саяси әлеуметтік-ақпараттық тарихи-танымдық «Ақмешіт апталығы» газетінің жарыққа шыққанына биыл 30жыл. Сыр өңірінің алғашқы жекеменшік басылым ретінде жарық көрген алғашқы газеті. Әр түрлі тақырыпқа қалам тартқан, аудиториясы жас талғамайтын, елдің көңілінен шыққан басылым. Осы орайда, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана, №4 және №6 кітапханалар бірлесе отырып «Сыр Медиа» орталығында «Газет-халықтың көзі, құлағы Һәм тілі» атты тақырып аясында журналистер қауымымен жылы кездесу өткізді. Кездесу барысында газеттің бас редакторы Гүлмира Мағлұмқызы Ділдәбекова басылымның шығу тарихы, таралымы, болашақтағы бағыт-бағдары, баспасөздің қоғамдағы рөлі, газет көтеретін мәселелер, тағы да басқа өзекті жайлар туралы әңгіме өрбітті.







